428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық футболшы шетелдік клубқа ауысты

  • 257
  • UPD: 17:32, 07.08.2020
Қазақстандық футболшы шетелдік клубқа ауысты

Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қорғаушысы Карам Сұлтанов әзербайжандық «Сумгаит» клубының ойыншысы болды.

Бұл туралы спорт журналисі Айдын Қожахмет өзінің Телеграм парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz.

Оның айтуынша, келісімшарт екі жылға жасалған.

Команданың бас жаттықтырушысы – жергілікті маман Айхан Аббасов. Өткен маусымда Әзербайжан клубы ұлттық чемпионатта төртінші орын алды және тарихта тұңғыш рет Еуропа лигасында ойнау құқығына ие болды.

Бұған дейін қазақстандық футболшы «Ордабасы», «Бәйтерек» және «Қызыл Жар» командаларында ойнаған. 2020 жылдың басында ойыншы «Каспийге» ауысты, бірде-бір ресми матч өткізбеді.

Хабар 24 телеарнасы