420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХЛ жаңа маусымды қашан бастайтыны белгілі болды

  • 236
  • UPD: 12:24, 08.08.2020
ҚХЛ жаңа маусымды қашан бастайтыны белгілі болды

Құрлықтық хоккей лигасы 2020/2021 жылға арналған презентация өткізіп, Директорлар кеңесі жаңа маусымдағы командалар тізімін бекітті.

Жаңа маусым 2 қыркүйекте басталады және турнирде 23 команда бақ сынайды. ҚХЛ-да сынға түсетін командалар қатарында елордалық «Барыс» клубы да бар.

Айта кетейік, «Барыстың» биылғы маусымға қатысу-қатыспауы ең соңына дейін белгісіз болатын. Маусымның негізгі бөлігінде жалпы есебі 690 матч өтеді деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы