428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік клуб үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында көш бастап келеді

  • 248
  • UPD: 21:04, 09.08.2020
Шымкенттік клуб үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында көш бастап келеді

Үстел теннисінен Қазақстанның ашық біріншілігіне он команда қатысуда. Алайда коронавирус індетіне байланысты Павлодардағы бірінші айналымнан соң турнир уақытша тоқтап қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әзірге шымкенттік Sigma клубы тоғыз ойынның сегізінде жеңіске жетіп, бірінші орынға көтерілді. Аталған команда сапында жергілікті спортшылар да, легионерлер де сынға түсуде.

Атап айтсақ, жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Илья Исаков, командалық Ресей чемпионатының жүлдегері Антон Естефейкин, Қазақстан жастар командасының мүшелері Бақдәулет Әкімәлі, Ырысбек Артукметовтер шымкенттік команданың намысын қорғап жүр.

Қазақстан біріншілігінің дебютанттары турнир кестесіндегі бірінші орынды ұстап тұруға мүдделі.

Хабар 24 телеарнасы