428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам IBF рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына қосылды

  • 291
  • UPD: 11:07, 10.08.2020
Қанат Ислам IBF рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына қосылды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақтағы рейтингті жаңартты, деп хабарлады Vesti.kz.

Жаңа тізімде қазақстандық боксшылардың да орны өзгерген. Нақтырақ айтсақ, Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) 13 сатыдан тоғызыншы орынға көтерілген. Екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз соңғы кездесуін 26 шілде күні Минскіде (Беларусь) өткізіп, Нух Лавальяға (27-7, 15 КО) кездесуде WBO Global, WBC Asia және WBA International белбеулерін қорғап қалды. Кездесуді барысында Ербосынұлы қарсыласын нокдаунға жіберді. 

Осы бокс кешінде шаршы алаңға шыққан тағы бір отандасымыз Нұрсұлтан Жаңабаев (8-1, 5 KO) күтпеген жерден Санди Мессаудтан (14-6, 1 КО) жеңіліп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Australasian белбеулерінен айырылды. Бұл қазақстандық боксшының бірінші жеңілісі еді. Осылайша, ол IBF рейтингінен шығып қалды. 

Орта салмақтағы өзгерістер мынадай:

Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді;
Жәнібек Әлімханұлы 12 сатыдан 11 сатыға көтерілді;
Анатолий Муратов 14 орыннан 13 орынға көтерілді;
Қанат Ислам үзік 15 боксшының қатарына қосылып, 15 орынға жайғасты;
Сергей Деревянченко үздік 15 боксшынан қатарынан шығып қалды. 

Хабар 24 телеарнасы