422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

FIS тау шаңғысынан жаңа маусымның басталатын уақытын өзгертті

  • 206
  • UPD: 12:53, 10.08.2020
FIS тау шаңғысынан жаңа маусымның басталатын уақытын өзгертті

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) биылғы маусымдағы әлем кубогі кезеңдері басталатын уақытты бір аптаға жылжытты, деп жазды Оlympic.kz.

Жаңа маусым 17-18 қазанда басталады. Алғашқы кезеңді Австрияның Зёльден қаласы қабылдайды.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарыс уақытын өзгергені коронавирус індеті кезінде қауіпсіздікті нығайтуға көмектеседі. Зёльденде слалом-гиганттан екі жарыс өткізу жоспарлануда. FIS 2020/2021 жылғы маусымды толық өткізуге үмітті.

Хабар 24 телеарнасы