Бүгін, 10 тамызда Қазақстандағы жазғы трансферлік терезе жабылды.
Бұл туралы Кәсіби футбол лигасының (PFLK) ресми сайты хабарлады.
Барлық үш лига үшін трансферлік терезе 20 шілдеде ашылған болатын, ал 9 тамызда қосымша өтінім беру мерзімі ресми түрде аяқталды. Премьер-лиганың, Бірінші және Екінші лига клубтарының тізіміндегі барлық өзгертулер команданың профиліне және PFLK ресми сайтында енгізілді.