424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа лигасы: «Қайрат» пен «Ордабасының» қарсыласы анықталды

  • 571
Еуропа лигасы: «Қайрат» пен «Ордабасының» қарсыласы анықталды Телеканал Футбол

Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші іріктеу кезеңіне еліміздің атынан екі команда қатысады. Олар – алматылық «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» командалары. Ал ел кубогын жеңіп алған «Қайсар» жарыс жолына екінші айналымнан бастап шығады.

Сонымен жеребе қорытындысына сай, «Ордабасы» – румыниялық «Ботошани» клубымен, ал «Қайрат» армениялық «Ноа» командасымен кездеседі.

Алғашқы айналымда бақ сынайтын қос командамыз да өз алаңында ойнайды. Кездесулер 27 тамызда өтеді.

Айта кетейік, бұл кезеңде командалар бір матчтан ғана өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы