425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» велокомандасы Польша турында екінші орынды қанағат тұтты

  • 242
«Астана» велокомандасы Польша турында екінші орынды қанағат тұтты

«Астана» командасы кезекті рет халықаралық жарыстың жүлдегері атанды. Бұл жолы әлемнің ең үздік шабандоздары Еуропаның шығысына жиналып, өзара мықтыны анықтады.

«Польша туры» бәсекесі 5 кезеңнен тұрады және ең соңғысы аса күрделі саналады. Яғни қатысушылар таулы-қыратты жерлерді кесіп өтуі керек. Жарыс нәтижесі бойынша, жалпы есепте бельгиялық Ремко Эвенепул топ жарды. Екінші орында «Астана» сапындағы Якоб Фульсанг. Даниялық спортшы алғашқы кезеңдерде-ақ алдыңғы қатардан көрініп, екінші орынға жайғасқан еді және осы көрсеткішті соңына дейін сақтап қалды. Үздік үштікті британиялық Саймон Йейтс түйіндеді.

Айта кетейік, жуырда ғана тағы бір «Астана» спортшысы Александр Власов Францияда өткен байрақты бәсекенің жеңімпазы атанды.

Хабар 24 телеарнасы