429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундеслига матчтары қараша айына дейін көрерменсіз өтеді

  • 258
Бундеслига матчтары қараша айына дейін көрерменсіз өтеді Телеканал Футбол

Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан коронавирус пандемиясына байланысты көрерменнің әлі де стадионға орала алмайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Bild басылымы мәлім етті.

Дереккөздің хабарлауынша, жанкүйерлер Бундеслига матчтарына кем дегенде 2020 жылдың 31 қазанына дейін қатыса алмайды.

«Біз қырағы болуымыз керек. Мыңдаған көрерменді стадионға қайтару жаман белгі болар еді. Тәуекелге барудың қажеті жоқ. Ережелерді сақтау – пандемияны жеңудің маңызды факторы», – деп жазды Шпан Twitter желісіне.

Хабар 24 телеарнасы