424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа лигасы: ширек финалға шыққан клубтар анықталды

  • 189
Еуропа лигасы: ширек финалға шыққан клубтар анықталды Livesport

Кәрі құрлықта аладоп аламаны қыза түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропа лигасының ширек финалына шыққан кезекті командалар белгілі болды. Мәселен, украиналық «Шахтер» швейцариялық «Базельмен» жолығып, жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 4:1. Оның ішінде әсіресе жартылай қорғаушы Тайсон Фредо соққан голды ерекше атап өту керек. Өйткені ол Еуропа лигасының 7 бірдей маусымында мергендігімен түскен алғашқы аяқдопшы атанды.

Осылайша «Шахтер» енді Еуропа лигасының жартылай финалында италиялық «Интермен» кездеседі. Матч 17 тамызда өтеді.

Дәл осылай келесі кезеңге испаниялық «Севилья» да жолдама алды. Ол англиялық «Вулверхэмптон» клубынан басым түсті. Жалғыз голды ойын соңына қарай Лукас Окампос соқты. Ал Рауль Хименес 11 метрлік айып добын сәтті орындай алмады. Енді испаниялық клуб «Манчестер Юнайтедпен» жолығады.

Хабар 24 телеарнасы