428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таеквондодан әлем чемпионаты өтпейтін болды

  • 200
  • UPD: 12:33, 12.08.2020
Таеквондодан әлем чемпионаты өтпейтін болды Olympic.kz

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитеті коронавирус пандемиясына байланысты жастар арасындағы әлем чемпионатының өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитетінің видеоконференциясы өтті. Видеоконференцияда атқарушы комитет мүшелері спортшылардың денсаулығын, қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып, чемпионатты өткізбеу туралы шешім қабылдады. 

Биылғы әлем чемпионат Болгарияның София қаласында 14-18 қазан күндеріне жоспарланған еді. Десе де София 2022 жылғы әлем біріншілігін қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы