Азия гандбол федерациясы гандболдан әйелдер арасындағы құрлық біріншілігі өтетін мерзімді атады, деп жазды Olympic.kz.
Әйелдер арасындағы Азия біріншілігі 10-20 желтоқсан аралығында өтеді. Аталған турнир 2021 жылы Испанияда өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады.
Құрлықтық федерация әлемдік гандбол ұйымымен ақылдаса келе осындай шешім қабылдағанын мәлім етті.