428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дзюдошы Дидар Хамза Токио Олимпиадасына қатысу үшін үмітін үкілеп отыр

  • 185
  • UPD: 20:57, 12.08.2020

Карантин спортшылардың да қолын байлады. Қазір барлық спорт кешендері жабық тұр. Сондықтан алдағы жарыстарға қатысатын спортшылар үйінде дайындалуға мәжбүр. Солардың бірі түркістандық дзюдошы. Дидар Хамза – Азия чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері. 2021 жылы Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға үміткер. Ал Олимпиадаға дайындық бірер күннің жұмысы емес екені белгілі. Сондықтан  ел үміт артқан спортшының күй талғап жүретін жайы жоқ.

Дидар Хамза карантин деп қарап жатқан жоқ. Үйін толықтай спорт кешеніне айналдырып алған. Себебі қазіргі эпидемиялогиялық ахуалға байланысты Түркістандағы барлық спорт кеншендері жабық тұр. Сондықтан Дидар үйінде жаттығып, алдағы жарыстарға дайындалып жатыр. Намысты жігіт Олимпиада жолдамасын ұтып алуды көздейді. Сөйтіп, 2021 жылы Жапонияның астанасы Токио қаласында өтетін жазғы олимпиада ойындарында алтыннан алқа тағып, ел мерейін өсіруді өзіне міндет қып жүктеген. 

Дидар Хамза, халықаралық дәрежедегі спорт шебері: 

- Біз формадан шығып қалмауымыз керек. Бізге ел үміт артып отыр. Сол себепті күнделікті режиммен уақытылы жаттығуымызды жасап, осы олимпиада ойындарына дайындалып жатырмыз. Қазіргі таңда дайындығымыз жақсы. Осы қараша айынан бастап жарыстар басталады. Олимпиадаға қатысу үшін маған қізір 200 бал жетпей тұр. Алдағы жарыстарда сол балды алып, Токио Олимпиадасына жақсылып дайындаламын деген ойдамын.

Дидардың жаттықтырушысы да, ынталандырушысы да әкесі. Марат Файзиев Қазақ және дзюдо күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. «Әке балаға сыншы» демекші, Дидардың күнделікті жаттығуы оның көзалдында өтеді. Сондықтан кемшін түскен тұсы болса толықтырып отырады. «Әйтсе де карантин жағдайындағы үйдегі жаттығу спорт алаңындағыдай болмайды» дейді кәнігі жаттықтырушы.

Марат Файзиев, Д.Хамзаның жаттықтырушысы:

- Өзіміздің жоспар бойынша жаттығып жатырмыз. Физикалық дайындық, жүгіруі бар дегендей. Татамиде 60 пайыздай бабында. 100 пайыз деп алатын болсақ. Өйткені бұл жерде адамдар керек күресіп жаттығу үшін. Ал мұнда көп адамды кіркізуге болмайды. Сондықтан өзінің бауыры бар, ол да Қазақстанның жастар арасындағы жүлдегері. Сол екеуі бірге жаттығып жатыр. Жарыстар бар алда, бір жарыста үштікке енсе, жолдама алады. 

Дидар Хамза 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарының чемпионы. Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Рио Олимпиадасының қатысушысы. Жалпы 2021 жылы Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Түркістан облысынан 21 үміткер спортшы қатысады деп іріктеліп, қазіргі таңда олармен тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы