423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда өтетін бокс кешінің андеркардында жұдырықтасатын боксшылар анықталды

  • 432
  • UPD: 17:42, 13.08.2020
Алматыда өтетін бокс кешінің андеркардында жұдырықтасатын боксшылар анықталды

23 тамыз күні Алматыда өтетін бокс кешінің андеркардында жұдырықтасатын 4 жұптың құрамы жарияланды, деп хабарлады Prosports.kz

MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Алматы рингінде мына боксшылар жұдырықтасады: 

Сағадат Рахманқұлов (6-1-0) – Тұрсынбай Құлахмет (debut);

Нұржан Мақашбаев (0-0-2) – Нұрдос Төлебай (2-0-0);

Берікбай Нұрымбетов (5-0-0) – Талғат Шәйкен (debut);

Талғат Бертілеуов (0-1-0) – Рай Сеитжанов (2-0-0)

Басқа боксшылардың да қатысуы нақтыланып жатыр.

Еске сала кетелік, кештің басты жекпе-жегі кәсіпқой бокс дебютанты Қамшыбек Қоңқабаев пен тәжірибелі Иса Ақбербаев (20-1, 15 КО) арасында өтпек.

 

Хабар 24 телеарнасы