429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Челси» ойыншысы «Арсеналға» ауысты

  • 208
  • UPD: 16:20, 14.08.2020
«Челси» ойыншысы «Арсеналға» ауысты

«Челси» футбол клубының жартылай қорғаушысы Виллиан мансабын «Арсеналда» жалғастырады, деп хабарлады Prosports.kz.

Бразилиялық футболшы «Арсеналға» еркін агент ретінде ауысты. Келісімшарт 3 жылға жасалды, жылына 6 миллион фунт стерлинг көлемінде жалақы алады. 

Айта кетейік, Виллиан «Челси» сапында 7 жыл бойы өнер көрсетті. Ол 2019/2020 жылғы маусымда 47 ойынға қатысып, 11 гол соқты және 9 нәтижелі пас шығарды.

Хабар 24 телеарнасы