424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чемпиондар лигасы. «Бавария» «Барселонаны» ойсырата жеңді

  • 272
  • UPD: 10:22, 15.08.2020
Чемпиондар лигасы. «Бавария» «Барселонаны» ойсырата жеңді фото: DW

Бүгін Чемпиондар лигасы ширек финалының үшінші матчы өтті, деп жазады Prosports.kz.

УЕФА коронавирустың қаупін төмендету үшін Чемпиондар лигасының матчтарын Португалияда өткізуге шешім қабылдаған.

Жартылай финалға берілетін кезекті жолдаманы испаниялық «Барселона» мен немістің «Бавариясы» сарапқа салды.

Неміс «мәшинесі» биыл трофейсіз қалған «Барселонаға» еш мүмкіндік бермей, 8:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұл кезеңде командалар бір матчтан ғана өткізеді. Барлық ойындар Лиссабонда өтеді.

Чемпиондар лигасы. Ширек финалы

«Барселона» Испания – «Бавария» Германия – 2:8

Голдар: Мюллер, 4 (0:1), Алаба, 7 (1:1, автогол), Перишич, 21 (1:2), Гнабри, 27 (1:3), Мюллер, 31 (1:4), Суарес, 57 (2:4), Киммих, 63 (2:5), Левандовски, 82 (2:6), Коутиньо, 85 (2:7), Коутиньо, 89 (2:8).

Хабар 24 телеарнасы