422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін түнде «Севилья» – «Манчестер Юнайтед» матчы өтеді

  • 239
  • UPD: 19:35, 16.08.2020
Бүгін түнде «Севилья» – «Манчестер Юнайтед» матчы өтеді

Бүгін түнде Германияның Кельн қаласында Еуропа лигасының финалына берілер жолдама сарапқа салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алаңға Испанияның «Севильясы» мен «Манчестер Юнайтед» шығады. «Севилья» осы турнирдің бас жүлдесін бірнеше рет жеңіп алды. Өте тәржірибелі команда. «Манкуниандықтарға» да бір бәйге керек секілді. Уле Гуннар Сульшер қандай да бір жарыста топ жарудан үмітті. Ағылшын премьер лигасының бас жүлдесі бұйырған жоқ Тым болмаса құрлықтық сында кубок ұстану да бір бақыт қой. Ширек финалда «Копенгагеннің» осал тұсын тапқан дәл қазір ешкімге дес бермейтін шамада. Негізгі құрам ойыншылары да алаңға шығудан бас тартпайды. Бірақ кімдерге сенім арту керек екенін Сульшердің өзі шешеді. Кейде ол жастарды ширатып алуды да жөн көреді. Антони Марсьяль секілді саңлақтар сынға кейіннен қосылуы да мүмкін. Бруну Фернандештің бір өзі неге тұрады. Матч көпшілік көңілінен шығады.

Хабар 24 телеарнасы