423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа лигасында «Севилья» футболшылары финалға шықты

  • 207
  • UPD: 10:48, 17.08.2020
Еуропа лигасында «Севилья» футболшылары финалға шықты

UEFA. «Севилья» Еуропа Лигасының финалына шықты. Бұл жөнінде испаниялық клуб пен «Манчестер Юнайтед» арасындағы кездесуден кейін белгілі болды. Кёльн қаласында өткен матч 2:1 есебімен аяқталды.

Есепті манчестерлік команда ашты. Португалиялық Бруно Фернандеш 11 метрлік айып добын сәтті орындаған. Бірақ бұл басымдық көпке созылмады. «СевильяІ сапындағы Сусо таразы басын теңестірсе, 78-минутта Люк де Йонг мергендігімен көзге түсті. Осылайша «Севилья» финалға жолдама алды. Ал оның қарсыласы «Интер» мен «Шахтёр Донецк» арасындағы кездесуден кейін белгілі болады. Финалдық матч 21 тамызда өтеді. 

Уле Гуннар Сульшер,  «Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері:

- Көрсеткіш көңілді көншітпейді. Өте өкінішті жағдай. Жігіттер барын салды. Бірақ жеңіске жете алмады. Енді команда құрамын күшейтіп, дайындықты үзбеу керек. Өйткені бірер аптадан кейін қайтадан жасыл алаңға шығамыз.

Хабар 24 телеарнасы