428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа лигасының матчына қазақстандық төрешілер қызмет етеді

  • 179
  • UPD: 23:41, 17.08.2020
Еуропа лигасының матчына қазақстандық төрешілер қызмет етеді KazFootball.kz

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчтардың төрешілері анықталды.

Бұл туралы Azerisport.com сілтеме жасай отырып prosports.kz хабарлады. Арман Исмуратов «Сумгайит» – «Шкендия»(Солтүстік Македония) кездесуінің бас төрешісі болып тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Самат Тергессізов көмектеседі, сондай-ақ төртінші төреші болып Жандос Абжан қызмет атқарады. Төрешілер тобы Қазақстан атынан шығады.

Матч 27 тамызда Сумгаитта «Капитал Банк Арена» стадионында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы