420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық файтер қазанда UFC-дегі дебютін өткізеді

  • 175
  • UPD: 09:47, 18.08.2020
Қазақстандық файтер қазанда UFC-дегі дебютін өткізеді

Қазақстандық Сергей Морозов 24 қазанда UFC-дегі дебютін өткізеді.

Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлады Vesti.kz.

Морозовтың жекпе-жегі UFC 254 турнирінде өтеді. Бұл турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи кездеседі. Турнир Әбу-Дабидегі (БАӘ) Жауынгерлер аралында өтеді.

Морозов UFC-ге аса жеңіл салмақта M-1 Global чемпионы ретінде ауысты. Ақтөбе тумасы соңғы жекпе-жегін 19 қазанда Нұр-Сұлтанда өткізіп, америкалық Джош Реттингхаусты төрешілер шешімімен жеңген болатын.

31 жастағы Морозов ММА-дегі мансабын 2008 жылы бастаған. Еншісінде 16 жеңіс пен 4 жеңіліс бар. UFC-дегі қарсыласы кейінірек хабарланады.

Хабар 24 телеарнасы