429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: Бүгін «Астана» мен «Динамо-Брест» матчы өтеді

  • 259
  • UPD: 13:50, 18.08.2020
Футбол: Бүгін «Астана» мен «Динамо-Брест» матчы өтеді фото: sports.kz

Бүгін Қазақстан премьер лигасында өнер көрсететін командалар ұлттық біріншілікті қайта жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойындар тек Алматы қаласында өнер көрсетеді. Ол үшін төрт стадион таңдалып алынды. Астана уақыты бойынша кешкі бесте «Қайрат» пен «Каспий» жасыл алаңға шығады. Сондай-ақ бүгін «Жетісу» мен «Ордабасы», «Тараз» бен «Қызылжар» да өзара күш сынасады.

Ал, «Астана» футбол клубы чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі аясында матчын бүгін өткізеді. Қарсыласы – «Динамо-Брест». Михал Билек баптайтын жігіттер бірер күн бұрын Беларусь еліне барды. Содан бері арнайы базада дайындықты пысықтап жатыр. Матч елорда уақытымен түнгі 00:00-де басталады.

Айта кету керек, қалыптасқан жағдайға байланысты қарымта кездесу өтпейді. Яғни, дәл осы ойындағы жеңімпаз екінші айналымға жолдама алады. Матч алдындағы баспасөз мәслихантында «Астананың» бас бапкері жігіттерде ойын тәжірибесі аз болғанын алға тартты. Қазақстандық клуб соңғы 5 айда бірде-бір ресми кездесу өткізбеген. Ал, қарысыластары апта сайын бағын сынап жатыр.

Жерлесіміз UFC 254 турниріне қатысады

Тағы бір жерлесіміз UFC-де өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл жолы аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов UFC 254 турнирінде бағын сынайды. Кездесу 24 қазанға жоспарланған. Ал, оның қарсыласына қатысты нақты ақпарат жоқ. Кейбір дерек көздері Умар Нурмагамедовпен жолығу мүмкін екенін алға тартады.

Айта кетейік, Сергей Морозов осы бағыттағы кәсіпқой мансабын 2008 жылы бастады. Содан бері 20 кездесу өткізіп, 16-сында жеңіске жетті. Тіпті M-1 Global тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті де иемденген. Ал, UFC 254 кешінің негізгі кейіпкерлері Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи. Қос мықты Абу-Даби қаласында өзара мықтыны анықтайды.

 

Хабар 24 телеарнасы