420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы қайтыс болды

  • 179
  • UPD: 14:37, 18.08.2020
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы қайтыс болды kff.kz

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Разия Төлеуқызы Нүркенова 52 жастан асқан шағында қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ақпаратты Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі растады.

Разия Нүркенова еліміздің тәуелсіз тарихындағы Қазақстан құрамасының алғашқы шабуылшысы ретінде де танымал.

«Қазақстан футбол федерациясының ұжымы Рәзия Төлеуқызы Нүркенованың өмірден мезгілсіз өтуіне байланысты қатты қайғырып, марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген мәлімдемеде.

Рәзия Төлеуқызы қарағандылық «Олимп» әйелдер футбол клубында спорт мансабын бастап, 1987-1991 жылдар аралығында ойнады.

1992 жылы Рәзия Нүркенова Ресейдің Самара қаласының ЦСКА ВКС футбол клубынан шақырту алады. 2001 жылға дейін шабуылдаушы жартылай қорғаушы болып ойнады.

Разия Төлеуқызы Қазақ КСР, КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған.

Ойнау мансабын аяқталған соң футбол төрешісі, кейін бапкерлік қызметпен айналысты.

Футболдан ҚР және РФ спорт шебері.

Ресейдің үш дүркін чемпионы: 1993, 1994, 1996

Ресей кубогының иегері: 1994

Достастық кубогының иегері: 1996

Хабар 24 телеарнасы