426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Триатлон бойынша әлемдік серия мен аралас эстафетадан әлем чемпионаты өтеді

  • 246
  • UPD: 17:11, 18.08.2020
Триатлон бойынша әлемдік серия мен аралас эстафетадан әлем чемпионаты өтеді

Халықаралық триатлон одағы (ITU) Гамбургте өтетін әлемдік серия мен аралас эстафетадан әлем чемпионатының жарыс кестесін жариялады, деп хабарлады olympic.kz.

Гамбургте өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сын және аралас эстафета 5 қыркүйекке жоспарланған. Ал әлемдік серияға 32 мемлекеттен 110 атлет қатысады. Ал азиялық спортшылар сапынан жапондықтар ғана бақ сынайды.

Аралас эстафета додасында 22 команда чемпиондық атаққа таласады. Олардың қатарында Қазақстан да бар. 

Айта кетелік, ұйымдастырушылар коронавирус індетінен сақтану үшін қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстанады.

Хабар 24 телеарнасы