431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бавария» Чемпиондар лигасында финалға шықты

  • 196
  • UPD: 10:57, 20.08.2020
«Бавария» Чемпиондар лигасында финалға шықты

Кәрі құрлықта аладоп аламаны қыза түсті. Әсіресе Чемпиондар лигасының бас жүлдесіне таласатын екінші команда белгілі болды. Жолдаманы «Бавария» мен «Лион» командалары сарапқа салған.

Алғашқысы айқын басымдықпен ұтты. Алдымен жартылай қорғаушы Серж Гнабри мергендігімен көзге түссе, артында сол Серж есепті еселеді. Ал ойынның соңына қарай Роберт Левандовски тағы бір гол соқты. Қорытынды есеп: 3:0. Осылайша мюнхендік клуб енді финалда париждік «ПСЖ»-мен жолығады. Матч осы аптаның аяғында өтеді.

Айта кетейік, Бавария чемпиондар лигасында осыған дейін 5 мәрте топ жарған. Ал «ПСЖ» бір де бір рет бас жүлде алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы