424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әли Балоевтың Алматыда өтетін бокс кешіндегі қарсыласы анықталды

  • 240
  • UPD: 10:35, 20.08.2020
Әли Балоевтың Алматыда өтетін бокс кешіндегі қарсыласы анықталды

МТК Kazakhstan менеджерлік компаниясы қазақстандық ауыр салмақтағы Әли Балоевтің (9-0, 7 КО) кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлады Prosports.kz.

Әли Балоев 33 жастағы беларусь боксшысы Юрий Быховцевпен (10-19-3, 5 КО) жұдырықтасады.

Быховцев осыдан екі ай бұрын, 25 маусымда Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында сегіз раундтық айқаста ресейлік Арслан Яллыевтен жеңілген (9-0, 5 КО).

Балоев шаршы алаңға соңғы рет 2019 жылдың 6 шілдесінде шыққан. Ол Нұр-Сұлтанда өткен сол бокс кешінде бразилиялық Гамильтон Вентурамен (15-7-1, 13 КО) кездесті. Нәтижесінде алты раундтық кездесуде төрешілер бірауыздан жеңісті Балоевке берді.

Хабар 24 телеарнасы