424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Елеусінов шаршы алаңға қыркүйекте оралады

  • 297
  • UPD: 10:48, 20.08.2020
Данияр Елеусінов шаршы алаңға қыркүйекте оралады Vesti.kz

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) рингке қыркүйекте оралады деп жоспарланған. Vesti.kz тілшісіне АҚШ жеріндегі он раундтық жекпе-жекке дайындық туралы боксшының менеджері Зия Алиев айтып берді.

Қазақстандық боксшы үшін әлемнің экс-чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) кездесуі карьерасындағы алғашқы титул үшін болмақ. Пандемияға байланысты бұл айқас кейінге шегеріліп жүрді. Бастапқыда тамыз делінген, алайда қазір жаңа мерзім айтылуда.

«Жаттығуларымыз тоқтап қалған еді, өйткені, нақты уақыт белгіленбеді. Данияр жекпе-жекке әдеттегідей әкесімен дайындалады. Кейде біз де көмектесеміз, Гарри Кларк бірнеше жекпе-жекте қасында болды. Ол Даниярға белгілі бір дүниелер үйретеді, дегенмен ұлын жаттықтырып, бәрін қадағалайтын Марат Елеусінов.

Бұл кездесу қыркүйектің ортасы немесе аяғына таман болады деп отырмыз. Данияр сапрринг өткізіп, жаттығып жатыр, бірақ бабына әлі келген жоқ. Қарсылас ауыспады», – дейді Алиев.

Айта кетейік, 37 жастағы Индонго «Көк машина» лақап аттымен танылып, IBF,  IBO және  WBA (Super) чемпионы болған.

Хабар 24 телеарнасы