426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы рейтинг жаңартты

  • 186
  • UPD: 12:20, 20.08.2020
Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы рейтинг жаңартты

Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы спортшылардың рейтингін жаңартты. Бұл тізім наурыздан бері өзгермеген болатын.

Нәтижесінде тәуір нәтиже көрсетіп жүрген екі жерлесіміз  орындарын сақ¬тап қалды. Қазақстанның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина 17, ал Юлия Путинцева 33-сатыда тұр.  Ал Зарина Диас екі сатыға төмендеп, 66-орынға тұрақтады.

Сондай-ақ жұптасып өнер көрсету бәсекесінде Қазақстан өкілі Галина Воскобоева 62-орынға, Анна Данилина 126 орынға, Путинцева 171 орынға төмен сырғыды. Әлемнің ең үздік теннисшілерінің алғашқы үштігінде еш өзгеріс жоқ. Наурыз айына дейін рейтинг көшін бастап келген австралиялық Эшли Барти өз орнында қалды. Одан кейінгі орында румыниялық Симона Халеп және чех спортшысы Каролина Плишкова тұр.

Хабар 24 телеарнасы