420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Агапова UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде кіммен кездескісі келетінін айтты

  • 168
  • UPD: 17:55, 20.08.2020
Агапова UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде кіммен кездескісі келетінін айтты

Қазақстандық файтер Мария Агапова (9-1) UFC Vegas 7 турнирі қарсаңында өткен виртуалды баспасөз мәслихатына қатысты, деп жазды Prosports.kz.

Отандасымыз әлемдегі жетекші MMA промоушені аясындағы үшінші жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

«Мен Трейси Кортеспен тағы бір кездесуді қалаймын, өйткені ол мені жеңген жалғыз спортшы. Көптеген жанкүйер онымен реванш өткізгенімді қалайды», - деді Агапова.

Америкалық Трейси Кортес Мария Агапованы 2019 жылдың 30 шілдесінде өткен Dana White's Contender Series турнирінде жеңген болатын. 

Айта кетейік, Мария Агапова 13 шілдеде UFC-дегі дебютін сәтті өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті бірінші раундта жеңді. 

22 тамыз күні Лас-Вегаста қазақстандық спортшы екінші кездесуін өткізеді. Қарсыласы – АҚШ файтері Шана Добсон.

Хабар 24 телеарнасы