420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік «Алтай-Торпедо» сапы үш ойыншымен толықты

  • 148
  • UPD: 10:37, 21.08.2020
Өскемендік «Алтай-Торпедо» сапы үш ойыншымен толықты

Өскемендік «Алтай-Торпедо» қорғаушы Таир Мұхтаров, шабуылшы Евгений Бабушкин және Никита Линникпен келісімшартқа отырды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты.

Өткен маусымда Таир Мұхтаров «Астана» сапында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионаты аясында 37 матчқа қатысқан. Еншісінде 2 ұпай (0+2) бар.

20 жасар Евгений Бабушкин «Амурский Тигр» құрамында 62 ойынға қатысып, 39 ұпай (19+20) жинаған. 20 жасар қақпашы Никита Линник жастар лигасында 63 ойын өткізіп, 44 (16+28) ұпайды иеленген.

Хабар 24 телеарнасы