428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде спорттық бәсекелер жандана бастады

  • 169
  • UPD: 12:14, 21.08.2020
Елімізде спорттық бәсекелер жандана бастады фото: shaiba.kz

Елімізде біртіндеп спорттық бәсекелер жандана бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, бүгін хоккейден «Барыс» пен «Торпедо» арасында кездесу өтеді. Маусым алдындағы дайындықты пысықтау үшін осындай шешім қабыланған. Қос команда арасындағы екінші кездесу де елордада өтеді. Ол жексенбіге жоспарланған. Айта кетейік, өскемендік клуб биыл Жоғары хоккей лигасында ойнамайды. Тек ішкі біріншілікке қатысады.

Таэквондо шеберлері үшін жағымды жаңалық. Алдағы айдан бастап халықаралық жарыстар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, 12 қыркүйекте Poland Open бәсекесі өтеді. Бұл ұзақ үзілістен кейін қайта жанданған ең алғашқы жарыс болмақ. Одан кейін қыркүйектің соңында Russia Open және  турнирлері болады. Бұл бәсекелер сәйкесінше 26 және 27 қыркүйекте басталады. Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы жарыстар кестесін қайта қарап, осындай өзгерістер енгізді. Айта кетейік, тамыз айында қалыптасқан жағдайға байланысты бірқатар халықаралық жарыс өтпей қалды. Оның ішінде Malaysia Open сияқты байрақты бәсекелер бар.

Де Ла Хойя кәсіпқой боксқа оралады

Майк Тайсон мен Рой Джонстан кейін Оскар Де Ла Хойя да кәсіпқой боксқа оралғанын мәлімдеді. 47 жастағы былғары қолғап шебері кез келген мықтымен жұдырықтасуға дайынмын дейді. Ол орта салмақта өнер көрсетпек. Ал, бұл салмақта Сауль Альварес, Джермалл Чарло және Геннадий Головкин сияқты боксшылар бар. Оскар бір ғана жекпе-жекпен шектелгісі келмейді. Кәсіпқой мансабын қайтадан бастап, өз мықтылығын дәлелдеуге тырысады. Ол алдағы аптада медициналық тексерісптен өтіп, алғашқы дайындығын бастайды. Айта кетейік,  Оскар Де Ла Хойя кәсіпқой бокстағы ең соңғы кездесуін 2008 өткізді.

Ал, Кәрі Құрлықта аладоп аламаны қыза түсті. Бүгін Еуропа лигасының чемпионы анықталады. Бас жүлдені испаниялық «Севилья» мен италиялық «Интер» сарапқа салады. Бұл кездесу бейтарап алаңда, яғни, Германияда өтеді. Айта кетейік, испаниялық клуб жартылай финалда «Манчестер Юнайтедті» жеңген болатын. Ал, «Интер» футболшылары украиналық «Шахтер» клубынан басым түсті.

Юлен Лопетеги, «Севилья» клубының бас бапкері:

- «Интер» осал қарсылас емес. Олардың өз ойын стилі бар. Әсіресе, шабуылда мықты және қарымта шабуыл жасауға мүмкіндік бермейді. Негізі бұл команда чемпиондар лигасында өнер көрсету керек. Деңгейі жоғары. Бірақ біз оларға тегеурінді қарсылық танытуға дайынбыз.

Антонио Конте, «Интер» клубының бас бапкері:

- Бұл біз үшін тарихи сәт болмақ. Барлық күшімізді салып, бас жүлдені алуға тырысамыз. «Интердің» финалда өнер көсетпегеніне 10 жылдай болып қалыпты. Тым үлкен аралық. Қарсыластарымызға үлкен құрметпен қараймыз. Алдағы ойынға құрған өз стратегиямыз бар.

Хабар 24 телеарнасы