431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Феруза Шарипова: Кезекті рет мықтылығымды дәлелдегім келеді

  • 209
  • UPD: 16:21, 21.08.2020
Феруза Шарипова: Кезекті рет мықтылығымды дәлелдегім келеді

Феруза Шарипова ұзақ үзілістен кейін қайта шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келесі кездесу ертең Қазан қаласында өтеді және IBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдік сарапқа салынады. Бұл жөнінде жекпе-жек кеші алдындағы баспасөз мәслихатында айтылды. Кәсіпқой бокстағы жерлесіміз бір жылдан астам уақыт жұдырықтасқан жоқ. «Бірақ физикалық бабымды жоғалтпай, жаттығу жасап жүрдім», дейді. Қазір ол ресейлік промоутерлік компаниямен келісімге отырған. Құжатқа сәйкес бір жыл ішінде Феруза 4 жекпе-жек өткізеді және осы аралықта абсолютті әлем чемпионы болуды көздейді.

Айта кетейік, Феруза Шарипова мен Хеппи Дауди арасындағы кездесуді «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші ертең 23:00-де басталады.

Феруза Шарипова, кәсіпқой боксшы:

- Кезекті рет мықтылығымды дәлелдегім келеді. Осыған мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Кездесуге тас-түйін дайынмын. Жаттығуды пысықтайтын біраз уақыт болды. Ал, негізгі арманым – өз салмағымда абсолют әлем чемпионы атану. Бұл қолымнан келеді.

Хабар 24 телеарнасы