426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогі кезеңінде жартылай финалға өтті

  • 171
Р.Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогі кезеңінде жартылай финалға өтті

Францияның Бриансон қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.

Біраз үзілістен соң басталған кубоктік додада қазақстандық Ришат Хайбуллин де бақ сынауда. Ол «қиындық» бойынша жарыстың жартылай финалына өтті. Хайбуллин 44 спортшының ішінде бесінші орынмен жартылай финалға жолдама алған. Әзірге бірінші орында Чехия, екінші орында Австрия, үшінші сатыда Германия спортшысы келеді.

Хабар 24 телеарнасы