Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов орта салмақтағы WBC International титулына қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
34 жастағы қазақстандық боксшы он екі раундтық жекпе-жекте 30 жастағы мексикалық Хуан Карлос Райгосадан (16-15-3, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Бұл – оның кәсіпқой бокс мансабындағы алғашқы жеңілісі. Бұған дейін ол кәсіпқой рингте 8 жеңіске жеткен (оның 7-еуі нокаутпен) және бір жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтаған еді.
Елеусінов – Райгоса жекпе-жегі Мехикодағы бокс кеші аясында өтті.