420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Севилья» тұғырдан түспеді

  • 172
  • UPD: 11:28, 22.08.2020
«Севилья» тұғырдан түспеді

«Севилья» – Еуропа лигасының алты дүркін жеңімпазы.

Испандық клуб финалда Италияның азулы «Интерін» 3-те 2 есебімен ұтып кетті. Кәрі құрлықтың бас додасында бақ сынған екі команда да қарсылас шақ келтірмей келген. Бірақ «Севилья» сес көрсете білді. Ойын есебін «Интердің» сұр мергені Лукаку ашты. Шешуші гол екінші таймда соғылды. Сөйтіп, испандық клуб жарыстың жеңімпазы атанып отыр. Олар соңғы рет жеңіс тұғырына 2016 жылы көтерілген.         

 

Хабар 24 телеарнасы