424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Михал Билек: Бүгін өте қиын матч болды

  • 201
  • UPD: 00:10, 23.08.2020
Михал Билек: Бүгін өте қиын матч болды фото: prosports.kz

«Астананың» бас бапкері Михал Билек Қазақстан чемпионатының 5-турындағы «Оқжетпеске»(2:0) қарсы матчтан кейін сұхбат берді.

Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды.

«Бұл өте қиын матч болды, өйткені Бресттегі жеңілістен кейін психологиялық тұрғыда командаға қиын болды. Бірақ ойыншылар жігерлік танытып, намысқа тырысып, өте маңызды жеңіске жетті», дейді бас бапкер.

- Ненад Эрич бүгін тағы ойнаған жоқ. Оның бастапқы құрамнан орын ала алмау себебі неде?

- Ненад жалпы топта бір апта ғана жаттығып жүр, оған 100% дайын болу үшін аз уақыт керек. Бірақ біз қақпашы позициясына алаңдамаймыз, бізде бәсекелестік күшті. Бүгін Дима Непогодов шықты, ол жаттығуда өте жақсы жұмыс істеді және матчта сенімді ойын көрсетті, бірнеше эпизодтарда бізге көмектесті.

Хабар 24 телеарнасы