426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысы Торғай ауылында спорт кешені тұрғызылады

  • 319
  • UPD: 09:16, 23.08.2020
Қостанай облысы Торғай ауылында спорт кешені тұрғызылады

Қостанай облысындағы Торғай ауылында жаңа спорт нысаны бой көтереді. Қазір елді мекенде орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бұдан бөлек аудан орталығында жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланып басталды. Мұнда волейбол, баскетбол, бадминтон алаңы және жаттығу залы орналасады. Барлық үйірме тұрғындар үшін тегін жұмыс істейді. 

Әділбек Иманғалиев, Жангелдин аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- Қазір мынау жан-жағына белгілер берілді. Фундаментін құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бетон, колонналар құйылады. Сол жұмыстар басталды. 25 шілдеде басталды. Биыл құрылысты аяқтаймыз деп есептеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы