421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Хайбуллин әлем кубогі кезеңін 11-орынмен аяқтады

  • 165
  • UPD: 11:54, 23.08.2020
Р.Хайбуллин әлем кубогі кезеңін 11-орынмен аяқтады

Францияның Бриансон қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогі кезеңі өтуде. Аталған сында қазақстандық Ришат Хайбуллин де бақ сынады.

Ришат «қиындық» бөлімі бойынша финалда сынға түсіп, жалпы есепте 11-орынға табан тіреді. Бұл бәсекеде Чехия, Словакия және Австрия спортшылары үздік үштікке енген.

Айта кету керек, отандасымыз жартылай финалды бесінші орынмен аяқтаған болатын. Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі Олимпиада жолдамасыны иегері.

Хабар 24 телеарнасы