426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық 19 жастағы боксшы үшінші рет жеңіске жетті

  • 373
  • UPD: 12:46, 24.08.2020
Қазақстандық 19 жастағы боксшы үшінші рет жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай Алматыда өткен бокс кешінде отандасы Нұржан Мақашбаевты жеңді, деп хабарлады Vesti.kz.

MTK Kazakhstan компаниясы ұйымдастырған шоудың андеркартында өткен кездесу алты раунд болды. Жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен аяқталды. 

19 жастағы Нұрдос Төлебай үшін бұл үшінші жекпе-жегіндегі үшінші жеңісі (бір нокаут), ал 24 жастағы Мақашбаев бірінші рет жеңілді, алдыңғы екі жекпе-жегінде ол қарсыластарымен тең түскен.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін екі боксшы да кәсіпқой мансабын 2019 жылы бастады. Төлебай Қазақстанда, ал Мақашбаев Ресейде жұдырықтасқан.

Хабар 24 телеарнасы