428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПСЖ жанкүйерлері Парижде ойран салып, полициямен қақтығысты

  • 175
  • UPD: 16:38, 24.08.2020

Португалия астанасында өткен осы ойын бір жанкүйерлерге қуаныш сыйласа, екінші құраманың жақтастарының көңілін түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Париждік жанкүйерлер шаһарда ойран салып, полициямен қақтығысты.

Дәурен Ақашұлы, тілші:

- Бір қуаныш бір өкініш. «Бавария» мен «Пари Сен-Жермен» жанкүйерлерінің Чемпиондар лигасының финалынан кейінгі сәттті осылай сипаттауға болар.

Ойын аяқтала салысымен Германия қалаларындағы спорттық барлар жеңістен төбелері көкке жетіп, бір-бірін құттықтаған жанкүйерлерге толды. Себебі, «Бавария» Еуропаның ең беделді турнирінде «Пари Сен-Жерменді» 1:0 есебімен жеңіп кетті. Бұл – мюнхендік клубтың Чемпиондар лигасын 6-мәрте ұтып алуы.

Альбин Кретио, «Бавария» жанкүйері:

Керемет ойын болды. Командамыздың жеңгеніне өте қауанышытымын. Тек полицияның көшелерді бөгеп, біздің жеңісті далаға шығып тойлатуымызға кедергі келтіріп тұрғаны өкінішті. Бірақ бұл көңілімізді түсіре алмас.

Алайда, Бавария жеңісі «Пари Сен-Жермен» көрермендерінің ұнжырғасын түсірді. Ойынды Париждегі стадион алаңдарына қойылған алып экрандардан көрген халық сүйікті командасының жеңілісін көріп ызаланды. Ашуға бой алдырған жанкүйерлер көшеге шығып, тәртіпсіздіктер орын алды.

Елисей алаңына жиналған клуб жақтастары отшашулар атып, дүкендердің шынысын шағып, көліктерді талқандады. Полициямен қақтығыс болды. Жанкүйерлерді тарату үшін тәртіп сақшылары күш қолдануына тура келді. 20 адам қамауға алынды.

Моки, «Пари Сен-Жермен» жанкүйері:

Әрине, командамыздың жеңіл қалғанныа өте өкінішті. Бірақ «Пари Сен-Жерменді» айыптауға келмес. Олар барын салып, жақсы ойын көрсетті. Жеңіп шығуға да мүмкіндігі болды. Бірақ Лиссабонда жанкүйрелері болмағандығы әсер еткен шығар.

Тибо Лакруа, «Пари Сен-Жермен» жанкүйері:

- Командамыздың жеңілісі бәріміздің көңілімізді түсірді. Бірақ мынадай тәртіпсіздіктер дұрыс емес. Еуропада басқа клубтар осындай бұзақылыққа бара ма?

Шынымен де, париждік клуб үшін жанкүйерлердің қолдауы жетіспеген шығар. Бірақ «Пари Сен-Жермен» жақтастарының көңілін түсінуге де болады. Себебі, париждік команда үшін Чемпиондар лигасының кубогы әлі орындалмай келе жатқан арман.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Алма Серікбай 

Хабар 24 телеарнасы