424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Михаил Кукушкин АТР рейтингінде бір саты жоғарылады

  • 154
  • UPD: 15:49, 24.08.2020
Михаил Кукушкин АТР рейтингінде бір саты жоғарылады

Халықаралық кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) тамыз айына арналған рейтингті жаңартты, деп жазды Olympic.kz. 

Жаңартылған рейтингте қазақстандық Александр Бублик 51-орнын сақтап қалды. Бубликтің еншісінде 965 ұпай бар. 

Ал Михаил Кукушин бір саты жоғарылап, 661 ұпаймен 90-орынға көтерілді. 

24 тамыздағы мәліметке сәйкес АТР рейтингінде сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр. Екінші орында испаниялық Рафаэль Надаль, үшінші сатыда австриялық Доминик Тим орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы