429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барселонаға» жақында ауысқан ойыншы коронавирус жұқтырды

  • 210
«Барселонаға» жақында ауысқан ойыншы коронавирус жұқтырды Football24.ru

Жақында ғана «Барселонаға» ауысқан Миралем Пьянич коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осыған байланысты босниялық жартылай қорғаушы командаға қосылмайды. 15 күн оқшауланып, ем қабылдайды.

«Мен үшін алаңдап жатқандарға: менде бәрі жақсы екенін айтқым келеді. Бақытыма орай, менде симптомсыз түрі», – деп жазды ойыншы.

Айта кетейік, Пьянич каталониялық клубқа жақында ғана «Ювентустен» ауысқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы