426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси «Барселонадан» не себепті кетпек

  • 219
  • UPD: 09:16, 26.08.2020
Месси «Барселонадан» не себепті кетпек

Испаниялық басылымдар «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси не үшін клубтан кету туралы шешім қабылдағанын анықтап көрді, деп хабарлады vesti.kz.

Сейсенбіде Мессидің «Барселона» басшылығымен келісімшартты үзгісі келетіні туралы ақпарат тарады. 

El Mundo Deportivo газетінің мәліметінше, Месси клубтан форвард Луис Суареспен достығы үшін кетпек. «Барселонаның» жаңа бапкері Рональд Куман мен клуб басшылығы Суареске енді қажеті жоғын айтып, онымен қош айтысқан еді.

Ал As.com газеті Месси «Барселонадан» бапкер Рональд Куманмен кездесу өткізгеннен кейін кетуге бел байлағанын жазады.

Хабар 24 телеарнасы