420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық футболшы Зайнутдинов ЦСКА-ға ауысты

  • 160
  • UPD: 11:17, 26.08.2020
Қазақстандық футболшы Зайнутдинов ЦСКА-ға ауысты

Қазақстан үлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы  Бақтияр Зайнутдинов ЦСКА-ға ауысты.

22 жастағы футболшы мен мәскеулік клуб арасындағы келісім-шарт мерзімі 5 жыл.

Бақтияр бұған дейін «Ростов» сапында өнер көрсетті. Ал таяуда ЦСКА бас бапкері Виктор Ганчаренко қазақстандық ойыншыға  қызығушылық танытты деген ақпар тараған. Енді Зайнутдинов армияшылар қатарына қосылып, медициналық тексерістен өтті. Және келісім-шартқа қол қойды. Жерлесіміз 19 номерде өнер көрсетіні белгілі болды. Бұған дейін 2000 жылдары Максим Низовцев, Асхат Қадырқұлов сияқты жерлестеріміз осы клуб сапында болған. Бахтияр ЦСКА сапындағы үшінші қазақстандық ойыншы.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұған дейін Ресейдің өзге клубы «Ростов» сапында ойнаған еді. Жартылай қорғаушының трансфері үшін 2 миллион еуро төленді деген ақпарат бар.

Хабар 24 телеарнасы