426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жүгіруден және веложүрістен онлайн жарыс өтеді

  • 206
  • UPD: 13:33, 26.08.2020
Нұр-Сұлтанда жүгіруден және веложүрістен онлайн жарыс өтеді

28-30 тамыз күндері елордада ҚР Конституция күніне орай жүгіруден және веложүрістен онлайн жарыс өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.

Белсенді демалыс әуесқойлары Нұр-Сұлтан қаласының кез келген саябағында өздеріне қолайлы уақытта спорттық іс-шараға қатыса алады. Ниет білдірушілер таңғы 6-дан 21:00-ге дейінгі уақыт аралығында «Strava» қосымшасы арқылы онлайн қатысуға болады. Онлайн жарыс қорытындысы бойынша әуесқойлар мен ардагерлер арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, медаль, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Барлық қатысушы жеке төлқұжатымен алдын ала тіркеуден өтуі тиіс.

 

Хабар 24 телеарнасы