420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барселона» футболшылары Мессидің клубтан кеткісі келетінін білген

  • 185
  • UPD: 15:10, 26.08.2020
«Барселона» футболшылары Мессидің клубтан кеткісі келетінін білген Спорт-Экспресс

ESPN тілшісі Жорди Бланко Twitter парақшасында 33 жастағы шабуылшы Лионель Мессидің «Барселонадан» кету туралы шешімі команданың ойыншылары үшін күтпеген жағдай болмағанын жазады.

Дереккөздің мәліметі бойынша, Чемпиондар лигасында «Бавариядан» ірі есеппен жеңілген (2:8) соң-ақ Месси командаластарына өз шешімі жайлы айтқан көрінеді. Олар тек капитанның нақты қашан кететінінен бейхабар екен.

Месси келісімшартын бір жақты бұзып кеткісі келіп отыр. Ол соңғы рет келісімшарт жазғанда мұндай жағдайды қарастырып, шартнама қосқан.

Ал каталониялық клуб оны тек 700 миллион еуроға сататынын айтты. Шабуылшыға қазір МС, ПСЖ және «Интер» секілді командалар қызығушылық танытып отыр.

Месси – «Барселона» тәлімгері. Ол командаға 2000 жылы қосылып, бүкіл карьерасын осы ұжымда өткізген.

Биыл шабуылшы 44 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді.

Хабар 24 телеарнасы