424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Михал Билек «Астана» футбол командасының бас бапкерлігінен кетті

  • 194
  • UPD: 17:01, 26.08.2020
Михал Билек «Астана» футбол командасының бас бапкерлігінен кетті

Клуб басшылығы командаға бас бапкер Михал Билекпен келісімшартты бұзғанын хабарлады.

«Астана» футбол клубы чехиялық маманға оның жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысына табыс тілейді.

Бас бапкердің міндетін «Питерборо» (Англия), «Вентспилс», «Рига», «Сконто» (барлығы -Латвия), «Ростов» (Ресей), «Саншайнз» (Нигерия) клубтарында бапкерлік қызмет атқарған, тәжірибесі мол маман Пол Эшуорт атқарады.
Эшуорттың «PRO» санатындағы бапкерлік категориясы бар. Оның басшылығында командалар УЕФА турнирлері аясында 30-ға жуық ойын өткізген.

Ақпарат көзі: fcastana.kz

Хабар 24 телеарнасы