Абу-Дабидегі Formula 1 маусымының финалы көрерменсіз өтеді.
Бұл туралы «Яс-Марина» автодромының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Prosports.kz.
Айта кетейік, бұған дейін Formula 1 баспасөз қызметі 2020 жылғы маусым күнтізбесінің соңғы бөлігін жариялаған, ол төрт кезеңнен тұрады – екеуі Бахрейнде, екеуі Түркия мен Абу-Дабиде. 2020 жылғы Formula 1 маусымының соңғы кезеңі 13 желтоқсанда өтеді.
Formula 1 маусымының қалған күнтізбесі:
30 тамыз. Бельгия Гран-приі
6 қыркүйек. Италия Гран-при
13 қыркүйек. Тоскана Гран-приі
27 қыркүйек. Ресей Гран-приі
11 қазан. Айфель Гран-приі
25 қазан. Португалия Гран-приі
1 қараша. Эмилия Романья Гран-приі
15 қараша. Түркия Гран-приі
29 қараша. Бахрейн Гран-приі
6 желтоқсан. Сахир Гран-приі
13 желтоқсан. Абу-Даби Гран-приі.