421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Astana Pro Team» велокомандасының «Пуату-Шаранта» турына қатысатын құрамы жарияланды

  • 158
  • UPD: 12:47, 27.08.2020
«Astana Pro Team» велокомандасының «Пуату-Шаранта» турына қатысатын құрамы жарияланды

«Astana Pro Team» велокомандасы «Пуату-Шаранта туры» көпкүндігіне қатысады, деп хабарлайды  ҰОК сайты.

Аталған велобәйге 27-30 тамыз күндері Францияда өтеді.  «Astana Pro Team» командасынан қатысатын спортшылар тізімі:  Йонас Грегаард Вилсли, Жандос Бижігітов, Эрнандо Бооркес, Лауренс Де Вриз, Даниил Фоминых, Евгений Гидич, Давиде Мартинелли.

«Пуату-Шаранта Туры» — Францияның Пуату — Шарант аймағында 1987 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан веложарыс. 5 кезеңнен тұрады. Жарыс 4 күнге жалғасады. 2005 жылдан бері UCI Europe Tour жарыс күнтізбесіне енген.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы