426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Манчестер Сити» Месси үшін 200 млн еуро беруге дайын

  • 162
  • UPD: 14:25, 27.08.2020
«Манчестер Сити» Месси үшін 200 млн еуро беруге дайын sport-express.ru

«Манчестер Сити» каталониялық «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді сатып алу үшін ұсыныс дайындап жатыр, деп хабарлайды тілші Танкреди Палмери.

Журналистің ақпараты бойынша, ағылшындық команданың басшылары аргентиналық футболшының трансферіне 200 миллион дайындап отыр.

Осыған дейін «Барселонаның» Месси үшін 700 миллион еуро сұрамайтыны белгілі болды. Бірақ каталониялық клуб басшылары бұл әлемдегі ең қымбат трансфер болғанын қалап отыр. Клуб шабуылшыны 223 миллионға сатуға дайын. Осылайша олар Неймардың рекордын жаңартқысы келеді. Естеріңізде болса, «Барселона» Неймарды ПСЖ командасына 222 миллион еуроға сатқан болатын.

25 тамыз күні Месси клуб басшыларына командадан кететіні туралы хабарлаған. Ол келісімшартты біржақты бұзбақшы.

«Манчестер Сити» командасынан бөлек Мессиді италиялық «Интер» мен «Ювентус», сонымен қатар ПСЖ және ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командалары сатып алуды көздейтіні мәлім болған. Бірақ ПСЖ өз ұсыныс қайтарып алды. Капитанның өзі ФИФА ұйымынан трансфер туралы сертификатқа өтініш беріп қойған.

Хабар 24 телеарнасы