420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Челси» футболшыларынан коронавирус анықталды

  • 123
  • UPD: 17:16, 27.08.2020
«Челси» футболшыларынан коронавирус анықталды FootballHD

Лондонның «Челси» клубының кем дегенде төрт футболшысы коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Тест оң нәтиже көрсеткен ойыншылар оқшауланды.

The Sun басылымының хабарлауынша, «Челсидің» ойыншылары Мейсон Маунт, Тэмми Абрахам, Кристиан Пулишич және Фикайо Томори карантинде. Бұл ойыншылар Миконос аралында демалып жатқан.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, клубта аталған ойыншылардан басқа да коронавирус жұқтырғандар бар.

Айта кетейік, Англия Премьер-лиганың жаңа маусымы қыркүйек айында басталады.

Бұған дейін «Барселонаға» ауысқан Миралем Пьянич пен Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы Усэйн Болт коронавирус жұқтырғанын хабарлағанбыз. 

Хабар 24 телеарнасы